Страничка психолога

30 Сен 2021

Бейімделу кезеңінде педагогтардың тәрбиеленушілердің ата-аналарымен әріптестігі

    Ата-ана болу – бұл өнер. Алайда, өмірге суретші болып келгендіктен ата-ана болу шарт. Бұл үрдісте ең бастысы – зейін қоя білу, балаңыздың ішкі толқынысын түсіну, әсіресе, қиын кезеңдерде оның орнына өзіңізді қоя білу, ал ол қиындықтардың бірі, әрине, баланың балабақшаға бейімделу кезеңі болып табылады. Ата-ана ең бірінші баламен қарым-қатынаста сабырлы, балабақшаға және оның тәрбиешілеріне мейірімді және дұрыс көзқараста болуы қажет. Өйткені, бұл сезімдер балаға беріледі.
    Сіздің өмірлік ұстанымыңыз – баланы тұлға ретінде дамытуда ең басты себеп болып табылатын отбасындағы қарым-қатынас және құндылықтар, отбасылық көңіл-күй, орнатылған тәртіптер. Отбасының ұстанымын өзіне сіңіре отырып, бала қоғамның ұстаным-нормаларын қабылдайды, сол арқылы адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Бала тәртібінің нашар болуы оның өзін үнемі қорғансыз сезінуінің кепілі. Отбасындағы кикілжіңдерді ер балалар көбірек сезінеді. Отбасындағы ұрыс-керіс, әсіресе, ата-ананың ажырасуы баланың өсіп-өркендеуіне кері әсерін тигізеді. Бала мазасыздыққа ұшырайды, мазасыздықты агрессия және тәртібінің нашарлығымен көрсетеді, соның салдарынан баланың балабақшаға бейімделуі өте ауыр өтеді. Үйіңізде шиеленіссіз көңіл-күйді ұстаңыз, жұбайыңызбен балалар жоқ жерде қарым-қатынас қиындықтарын шешуге тырысыңыз. Балаға, оның отбасында маңызды орында екенін, оны жақсы көретіндігіңізді, оның көзқарасы – ол сіздің де көзқарасыңыз екенін түсінуге мүмкіндік беріңіз. Егер де сіздікі шынымен де дұрыс болмаса: балаға жазықсыз ұрыссаңыз, айқайласаңыз өзіңіздікі дұрыс емес екенін мойындауға қорықпаңыз. Әр ата-ана екіншісінің пікіріне қарама-қайшы келетін бағыттар беруден аулақ болуы қажет. Өйткені, ондай әрекеттер баланы шатастырады және мазасыз болуына әкеп соғады. Сондықтан өз әрекеттеріңіздің келісімді болуын қадағалаңыздар. Балаға өз талаптарыңызды нақты жеткізіңіз, одан не күтетініңізді жұмсақ және жеткілікті түсіндіріңіз. Мысалы, егерде бала бұзық болса, ал, сіз тыныштықты қаласаңыз: «Өзіңді жақсы ұста» деген сөзді айту жеткіліксіз болады. Одан шуламауын өтініңіз (сабырлы және мейірімді жүзбен). Өз ойларыңыз бен сезімдеріңізді агрессиясыз жеткізіңіз, балаңызды ден қойып, тыңдаңыз. Өзіңізге уақыт бөлуді де ұмытпаңыз: кітап оқыңыз, демалыңыз. Сіздің сабырлығыңыз ең бірінші сіздің балаңызға қажет. Сіз өтіп жатқан қиындықтардан балабақшаға баласын әкелген әрбір ата-ана өтіп жатқандығын біліңіз. Және де, сізге де, балаңызға да өмірдің жаңа белестеріне үйрену кезеңін бастан өткеруге көмектесетін тағы бір кеңес: жеке отыратын тыныш орын және бос уақытыңыздан 5 минут табыңыз. Мұрныңызбен ауаны жұтып, аузыңыздан шығарыңыз. Көзіңізді жұмыңыз. Сабырмен тыныс алыңыз. Балаңыздың бет әлпетін, киімін, оның топта ойнап отырғанын елестетіңіз. Оған ойша өз махаббатыңызды, күшіңізді беріңіз. Көзіңізді ашыңыз, күлімдеңіз.

Баланың сәтті бейімделуі үшін ата-аналарға бірқатар кеңестер

    1. Балабақша деген не екенін түсіндіреміз: Балаға балабақша дегеннің не екенін, онда балалар не үшін барады, сіз оның балабақшаға барғанын неліктен қалайтындығыңызды айтып беріңіз. Мысалы: «Балабақша – ол әдемі ойыншықтары көп үлкен үй, ол жерге аналар мен әкелер өз балаларын әкеледі. Саған ол жер ұнайды: ол жерде басқа да көп балалар бар, олардың барлығы бірге тамақ ішеді, ойнайды, серуендейді. Ол жерде менің орныма саған және басқа да балаларға қамқор болатын тәрбиеші апай бар. Балабақшада қызықтар өте көп, балалар ойнайтын алаңдары тамаша, онда басқа балалармен түрлі ойындар ойнауға болады».
    2. Оң көзқарасты қалыптастырамыз: Балабақшаның жанынан өтіп бара жатқанда балаға, оның осы жерге келіп жүргені қандай бақыт екені туралы есіне салыңыз. Туыстарыңыздың және таныстарыңыздың алдында балаңызды балабақшаға қабылдағанына қуанышты екеніңізді оның көзінше айтыңыз. Біраз уақыттан соң балабақшаға баратындығын балаңыз өзі де қуана айтатын болады.
    3. Балабақшада баланы не күтіп тұрғандығы туралы айтамыз: Балаға балабақшаның тәртібі туралы егжей-тегжейлі: ол жерде қандай тәртіппен, не істейтіні туралы айтып түсіндіріңіз. Егжей-тегжейін неғұрлым жақсы түсіндірсеңіз – соғұрлым балабақшаға барғанда балаңыз өзін сабырлы және сенімді ұстайды. Серуеннен кейін не істейтіні туралы есінде қаншалықты сақтағанын, киімдерін қайда қоятынын, шешінуге кім көмектесетінін және түскі астан кейінгі әрекеті туралы балаңыздан сұраңыз. Осы сұрақтарды қоя отырып, әрекет салдарынан баланың есінді қаншалықты сақтағанын бақылауыңызға болады. Балабақшада балаларды әдетте белгісіздік қорқытады. Егер де бала балабақшаға келгенде өзі күткендей жағдайды көретін болса, онда өзін сенімді ұстайтын болады.
    4. Кездесетін қиындықтар туралы шындықты айтамыз: Балабақшада туындауы мүмкін қиындықтар туралы баламен ашық сөйлесіңіз. Ондай жағдайларда кімнен көмек сұрай алатыны және оны қалай жасайтындығын айтыңыз. Мысалы: «Егер су ішкің келсе, тәрбиешіге жақындап: «Менің су ішкім келіп тұр»деп айтасың, тәрбиеші саған су құйып береді. Дәретханаға барғың келсе, ол туралы да тәрбиешіге айтасың. Барлығы өз қалағанындай болатыны, оның талаптары ғана орындалатыны туралы балада елес сезімдер тудырмаңыз. Топта балалардың көп болатындығын, сондықтан кейде балаға өз кезегін күтуге тура келетінін түсіндіріңіз. Балаға: тәрбиеші барлық балаға бірдей киінуге көмектесе алмайды, сондықтан, саған біраз күту қажет болады» деп айтыңыз.
    5. Басқа балалармен қарым-қатынас жасауға үйренеміз: Баланы басқа балалармен танысуға, оларды атымен атауға, ойыншықтарын тартып алмауға, өз кезегін күтуге, басқа балалармен ойыншықтарымен бөлісе білуге үйретіңіз.
    6. Сүйікті ойыншықты таңдаймыз: Балаңыз өзімен бірге алып жүретін сүйікті ойыншығын өзі таңдасын, онымен бірге балабақшаға бару көңілдірек болады.
    7. Баламен уақытша көріспеу қажет болатындығына өзімізді даярлаймыз: Балабақшаға бейімделудің алғашқы кезеңінде ата-ананың баласының жанында болу қажеттілігі туралы әртүрлі пікірлер бар. Анасының баласымен бірге балабақшаға келгенінде тұрған ештеңе жоқ деуге болады. Барлығы риза, бала жыламайды, анасы уайымдамайды. Бірақ, қоштасу ұзаққа созыла береді. Басқа балаларда бөгде анаға қарап, өздерінің аналары неге жандарында емес деген ойға қалады. Сондықтан, бірінші күннен бастап, баланы анасының қамқорлығынсыз, өзін топта жалғыз қалдыруға тырысса, барлығы үшін жақсы болады.Ал, тәжірибелі тәрбиешілер баланың қамқорлығын өз мойнына алады.
    8. Қоштасу рәсімі: Баламен бірге қоштасу белгілерінің жеңіл жүйесін жасап алсаңыз, онымен қоштасу рәсімі жылдам өтетін болады. Мысалы, оның бір бетінен сүйіңіз, содан кейін екіншісінен, қол бұлғаңыз, осы жағдайдан кейін ол балабақшаға алаңсыз кіреді.
    9. Баланың көзқарасын есепке ала отырып, өз өмірімізді жоспарлаймыз: Баланың балабақшаға үйренуіне жарты жылға жуық уақыт кетуі мүмкін. Сондықтан, өз күшіңізді, мүмкіндігіңізді және жоспарларыңызды дұрыс есептегеніңіз жөн. Баланың бейімделу ерекшелігіне қарай реттелуге отбасының мүмкіндігі болғаны дұрыс.
    10. Тартынбаңыз! Егер де ата-ана балабақшаның лайықты тәрбие беретіндігіне сенімсіздік білдіретін болса, бала да оны сезеді. Сіздің кез-келген тартыншақтығыңызды айлакер бала үйде қалу үшін және ата-анасынан ажырамау үшін қолдануы мүмкін. Балабақшаны өздеріне жалғыз балама санайтын ата-аналардың балалары жылдам, әрі жеңіл үйренеді.
    11. Баланың басқа балалармен және тәрбиешімен қарым-қатынасқа түсуіне көмектесеміз: Балалармен және ересектермен көп мөлшерде қарым-қатынас жасаған баланың балабақшаға үйренуі жылдамырақ болады. Сондықтан, оған көмектесіңіз. Басқа ата-аналармен және олардың балаларымен танысыңыз. Балаңыз жаныңызда тұрғанда басқа балаларды атымен атаңыз. Жаңа достары туралы үйге барғанда одан сұраңыз. Басқа адамдардан көмек пен қолдау сұрай білгені үшін мақтаңыз. Тәрбиешілермен, басқа ата-аналармен және олардың балаларымен қарым-қатынасыңыз неғұрлым жақсы болса, соғұрлым сіздің балаңызға жеңіл болады.
    12. Жағдайды бақылаймыз, үрейленбейміз: Мінсіз адам болмайды. Басқаларға төзімді және сыпайы болыңыз. Өзіңізді толғандыратын жағдайларды анықтауға тырысыңыз. Оны мамандар арқылы немесе жұмсақ түрде жасаңыз.
    13. Балабақшаға қатысты жағымсыз пікірлер айтпаймыз: Балаңыз жаныңызда болғанда балабақшаға және оның қызметкерлеріне қатысты сыни пікірлер айтудан аулақ болыңыз. Баланы ешқашанда балабақшамен қорқытпаңыз!
    14. Балаға қолдау көрсетеміз: Бейімделу кезеңінде баланы эмоционалдық жағынан қолдаңыз. Жиі құшақтаңыз және сүйіңіз. Сәттілік! Балаңыз балабақшада өзін тату-тәтті ұжымның мүшесі ретінде сезінсін және даму үшін жаңа серпін алсын.

Кеңесті даярлаған – педагог-психолог Н.З.Зәкиева


28 Сен 2021

Как помочь малышу привыкнуть к детскому саду?

Кажется, еще вчера ваш малыш делал свои первые шаги… Время летит незаметно, и вот уже маме пора выходить на работу — а это значит, что пришло время отдавать его в детский сад. Что ждет вашего кроху за стенами садика, быстро ли он привыкнет, будет ли часто болеть… Вопросы, сомнения, переживания естественны для родителей, ведь на 4-5 лет детский сад станет частью вашей жизни, от него во многом будет зависеть и развитие, и здоровье, и душевное благополучие ребенка. Поэтому очень важно, сможет ли ваш малыш успешно адаптироваться к детскому саду, и помочь ему в этом — задача не только воспитателей. В первую очередь — это забота мамы и папы.

Заранее подготовьте ребенка к мысли о детском саде, к необходимости посещать его. Подробно расскажите ему о детском саде, сводите его туда, чтобы он узнал, что это такое, и у него сложилось собственное представление о нем. Скажите ребенку, что вы очень гордитесь им — ведь он уже такой большой, что может сам ходить в детский сад. Но и не делайте из этого события проблему, не говорите каждый день о предстоящей перемене в его жизни.

Готовьте ребенка к общению с другими детьми и взрослыми: посещайте с ним детские парки и площадки, приучайте к игре в песочницах, на качелях. Ходите с ним на праздники, на дни рождения друзей, наблюдайте, как он себя ведет: стесняется, уединяется, конфликтует, дерется или же легко находит общий язык, контактирует со сверстниками, тянется к общению, раскован.

Когда вы подбираете детский сад, самое главное не в его внешнем виде, удобствах и красоте интерьера, а в воспитателях и ребятах.
Познакомьтесь с воспитателем группы заранее, расскажите об индивидуальных особенностях вашего ребенка, что ему нравится, что нет, каковы его умения и навыки, в какой помощи он нуждается, определите, какие методы поощрения и наказания приемлемы для вашего ребенка.

С самого начала помогите ребенку легко войти в детский сад. Ведь он впервые в жизни расстается с домом, с вами, отдаляется от вас, хотя и всего на несколько часов. В первые дни посещения садика не оставляйте ребенка одного сразу, лучше всего, чтобы он сам отпустил вас. А, расставаясь, не забудьте заверить, что непременно вернетесь за ним.

Когда вы уходите — расставайтесь с ребенком легко и быстро. Конечно же, вы беспокоитесь о том, как будет вашему ребенку в детском саду, но долгие прощания с обеспокоенным выражением лица, у ребенка вызовут тревогу, что с ним здесь может что-то случится, и он долго не будет вас отпускать.
Если ребенок с трудом расстается с матерью, то желательно первые несколько недель пусть отводит в детский сад его отец.

Дайте ребенку в садик его любимую игрушку, постарайтесь уговорить оставить ее переночевать в садике и на утро снова с нею встретиться. Если ребенок на это не согласится, пусть игрушка ходит вместе с ним ежедневно и знакомится там с другими, расспрашивайте что с игрушкой происходило в детском саду, кто с ней дружил, кто обижал, не было ли ей грустно. Таким образом, вы узнаете многое о том, как вашему малышу удается привыкнуть к садику.

Некоторые дети в первые дни очень устают в детском саду от новых впечатлений, новых друзей, новой деятельности, большого количества народа. Если ребенок приходит домой измученным и нервным, это не значит, что он не в состоянии привыкнуть к детскому саду. Возможно, необходимо такого ребенка пораньше забирать с садика пока он не привыкнет.

Поиграйте с ребенком домашними игрушками в детский сад, где какая-то из них будет самим ребенком. Понаблюдайте, что делает эта игрушка, что говорит, помогите вместе с ребенком найти ей друзей и порешайте проблемы вашего ребенка через нее, ориентируя игру на положительные результаты.

Не отдавайте ребенка в садик только потому, что у вас родился еще один ребенок, даже если это и облегчит вам жизнь. Ваш старший сын или дочь и без того почувствует, что в доме появился напрошенный гость, и ваше решение он непременно истолкует как свое изгнание, сделав вывод, что вы предпочитаете ему новорожденного. Поэтому если вы, ожидая ребенка, все же решите отдать старшего в детский сад, сделайте это заранее, до появления малыша.

Самое главное назначение детского сада в том, чтобы дать ребенку возможность общаться и играть со сверстниками. И каким бы ни был детский сад хорошим, не допускайте непоправимую ошибку — не считайте, что он заменяет семью.

Педагог-психолог: Харичкина Л.С.


13 Янв 2021

Мадақтау немесе жазалау

     Қай уақытта болмасын, барлық ата-аналарды балаларына барынша жақсы тәрбие беру мәселелері толғандырған – баланың тұлғасы үйлесімді дамуына септесу үшін қалай мадақтауға және жазалауға болады. Мадақтау – аса ықпалды мінез-құлық реттегіші, оның көмегімен үйрету үдерісі жылдамырақ жүреді. Бірақ, кез-келген мадақтау түрі пайдалы бола бермейді, сол сияқты жазалау да әрдайым зиян емес – тәрбиелеу мәселесінде жаман немесе жақсы әдістер жоқ, орындысы немесе орынсызы ғана бар.
     Мадақтау және жазалау екі түрлі әдіспен жүзеге асырыла алады: заттай және психологиялық (рухани). Заманауи қоғам марапаттау мен жазалаудың заттай түрін дұрысырақ көреді, яғни, «Кәмпит алып беремін – кәмпит алып бермеймін». Бұл отбасына да, мектепке де тән қасиет. Психологиялық әдіс, яғни, құптау (балаға көңіл бөлу, бірге уайымдау, қолдау көрсету, сенім білдіру және т.б.) және жазалау (өкпе, реніш, немқұрайды қараған сыңай таныту, ызалану, аса қиын жағдайларда ашу шақыру) көрініс беретін адамдар арасындағы өзара әрекеттердің және өзара қарым-қатынастардың ерекшеліктері сирек қолданылады. Әрине, психологиялық құралдарды қолдану тек жан жылуын ғана емес, сондай-ақ, белгілі бір актерлік шеберлікті де талап етеді.
     А.С.Макаренко «Бері кел» деген сөздерді 20 түрлі дауыс ырғағымен айтып үйренбегенше мұғалім болу мүмкін емес деп бекер жазбаған. Тек заттай марапаттау және жазалау әдістерін қолдану кіріптар, өзін-өзі қадағалау қабілеті төмен, жалпы «Ұсталамын – ұсталмаймын» деген жағдайда ғана бағыт-бағдар таба алатын адамды ғана тәрбиелейді. Психологиялық ықпал ету әдістерін пайдалану ар-ұят қасиетін мінез-құлықты іштен қадағалау құралы ретінде қалыптастырады.
Мадақтау ережелері:
Әсеріне қарай мақтау есірткіге ұқсас, яғни, бір рет мақтау естіп үйренген адам, оны қайта-қайта естуге мұқтаж болып тұрады. Алайда, асыра мақтау зиян.
Шектегіштер:

  • баланы өз еңбегімен жетпеген жетістіктері (сұлулық, ақыл, күш-қуат, денсаулық және т.б.) үшін мақтауға болмайды;
  • бір ісі үшін екі реттен артық мақтауға болмайды;
  • мүсіркегендіктен мақтауға болмайды;
  • балаға ұнау ниетімен мақтауға болмайды

Орынды мақтауға қойылатын дербес талаптар. Мақтауға келесі санаттағы балалар әсіресе мұқтаж:

  • шынайы кемшіліктеріне негізделе отырып, өздерін кемшін сезінетін балалар. Мақтау естімесе, мұндай балалар қатты қиналады. Бұл мақтау – жарлыларға арналған жәрдемақы және сый;
  • «асқан кемелдігіне» сенімді балалар (шын мәнінде дарынды балалар).
    Олар үшін мақтау – өсу мен жетілуді қамшылаушылар, олар өздерінің артықшылықтары туралы біледі, бірақ айналасындағылардың мойындауына зәру. Мұндай балаларды мақтамаса, олар солып қалмайды, бірақ, көркейіп те кетпейді;
  • сынға аса сезімтал намысқой балалар. Мақтау олар үшін жалпы зиян, бірақ, олар мақтаусыз өмір сүре алмайды. Амалы: ашық мақтамау, бірақ, басқа балалармен салыстырмай, балаға өзінің шынайы артықшылықтары туралы баға беруден аулақ мәлімет беру.


1. «Орын толтыру». Шын мәнінде әлдене жетіспейтін (физикалық кемшілік, нашар мінез, өмірдегі сәтсіздіктер) балаларға қатысты қолданылады. Оларды бойындағы барлық жақсы қасиеттері үшін, өздері қол жеткізбеген болса да, мақтау қажет (бірақ, асыра мақтамаған жөн, себебі, мұндай балалар тым ерке мінезді озбырларға айналуы мүмкін).
2. «Кепілақы» – бұл алда болатын істерге айтылатын мақтау, бір адым озық жүретін түрі. Ол адамды өз-өзіне сенуге үйретеді. Сенім мүмкіндікті шындыққа айналдырады. Бос мақтау – жалған айтумен бірдей бола бермейді.

Кепілақы әдісімен айтылатын мақтаудың келесі түрлерін атап көрсетуге болады:
a) шындығында қалай екеніне қарамастан, баланы әлдебір істі жақсырақ жасайтынын айту;
б) өз-өзін жеңуге талпынған әрбір әрекетін құптау, қолынан келмей жатса, ұрыспау;
в) егер ешбір өзгеріс болмаса, бойындағы теріс қылықтарына мән бермеу, ал қандай да бір жағымды өзгеріс орын алса, елеп, мақтау.
Кепілақы әдісімен мақтауды пайдалана отырып, мүмкіндіктер шекарасынан аспаған жөн және баланы жаңылыстырмаған абзал.
3. «Көтеріңкі» мақтау. Егер біз балаға қойылатын талаптарды күшейтетін болсақ, онда жаңа жеңістерге шабыттандыру үшін оны мақтауды күшейтуден бастау қажет.
4. Жанама құптау. Мақтау айтылмайтын, яғни, көмек, кеңес сұрау және т.с.с. түріндегі мақтау. Басқа бір кісімен сөйлескенде сөз арасында балаңыз туралы бірер жақсы пікіріңізді айтыңыз, бірақ, бала оны еститін болсын. Бұл сөздер баланың бойындағы жақсы қасиеттерін арқау етуі тиіс, бірақ, оның теріс қылықтарына назар аудартпауы керек.
5. «Махаббат жарылысы» (жедел психологиялық көмек). Тек төтенше жағдайларда, бала аса күрделі күйзеліс не дағдарыс күйіне түскенде қолданылады.

ЖАЗАЛАУ

     Осы тәрбиелеу әдісі айналасындағы барлық қарама-қайшы пікірлерге қарамастан, оның да қолданылу құқығы бар екенін атап өткен жөн, себебі, бұл әдіс немқұрайдылықты емес, ата-анасының баласына деген сүйіспеншілігін көрсетеді, әрі, балаға «күнәларынан арылу» мүмкіндігін береді. Сондықтан, балалар жазалануды тілейді және тіпті жазалау шараларын өз мақсаттарында пайдалануға тырысады.
     Ата-аналардың көпшілігі баланың тілазарлығын доғару үшін алдын алу шараларын емес, шұғыл жазалау шараларын қолдану дұрысырақ деп санайды. Есте сақтаған жөн, кез-келген жазалау әдісі неғұрлым сирек қолданылса, соғұрлым тиімдірек әсер етеді. Жиі қолданылған жағдайда балалар өтірікші, айлакер бола түседі, қорқыныштары көбейеді, ашушаңдық пайда болады.
     Жазалау шарасы жасалған теріс әрекетке сай болса және сирек қолданылса, ақыл-өсиет айту, жөн сілтеу әсеріне ие болады.

ЖАЗАЛАУ ТҮРЛЕРІ

  • еріксіз қолын бос қалдыру – арнайы орындықта отырады, бұрышта тұрады және т.с.с.;
  • теріс қылықтарына айып тағу.

ЖАЗАЛАУ ШАРАСЫ РЕТІНДЕ ЕШҚАШАН ДЕНЕ НЕМЕСЕ МИ
ЕҢБЕГІН ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙДЫ.

ЖАЗАЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Жазалау кезінде ойланыңыз: Неге? Не үшін?
2. Жазалау ешқашан денсаулыққа зиян тигізбеуі тиіс.
3. Жазалау керек немесе керек емес екеніне күмәніңіз болса – жазаламаңыз! Сіз тым мейрімді және жұмсақ болып көрінсеңіз де, ешқашан «керек болып қалады-ау» деген ниетпен жазалауға болмайды.
4. Бір теріс қылық үшін тек бір рет қана жазалауға болады. Жазалау шараларынан құралған «қоспа» балаларға қажет емес.
5. Кешігіп жазалауға болмайды – жазалау уақыты өтіп кетсе, кешірім беріледі.
6. «Жазаланды — демек, кешірілді!», өмір атты кітаптың бұл парағын жабылды – енді еске де алмаймыз.
7. Кез-келген жазалау шарасында қорлау немесе кемсіту болмауы тиіс, жазалау әлсіз балаға ересек адамның күш көрсетуі ретінде қабылданбауы тиіс.
8. Бала ата-анасының көңілін қалдырмай тұрмайды – бұл қалыпты жағдай, сондықтан, оған тиісінше қарау керек. Баланы өзгертуге тырыспаған жөн, сонымен бірге, оның өмір бойы жазалану алдында қорқыныш сезімі орнықпауына жол бермеу керек.

БАЛАНЫ МАХАББАТЫҢЫЗДАН АЙЫРУ АРҚЫЛЫ
ЖАЗАЛАУҒА БОЛМАЙДЫ!


1 Окт 2020

Ересек адамның эмоциялық күйі баланың эмоциялық күйінің жанама факторы ретінде

    Қазіргі қоғам баланы тәрбиелеу, оқыту және дамыту процесіне көптеген түрлі талаптар қояды. Негізгілерінің бірі – мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту. Тек психологиялық сау адам ғана баламен сапалы қарым-қатынас жасай алады. Ересек адамның эмоционалды әл-ауқаты баланың эмоционалды жағдайына жағымды әсер етеді, бұл онымен серіктестік құруға мүмкіндік береді, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін арттырады, баланың жағымды жеке қасиеттерінің пайда болуына және дамуына ықпал етеді.

    Баланың психосоматикалық жағдайына ересек адамның эмоционалды жағдайы ғана емес, сонымен қатар оның жағдайына назар аудару немесе елемеу, сондай-ақ ересек адамның балалармен өзара әрекеттесу жолдары әсер етеді.

    Эмоционалды сәтсіздік термині мектепке дейінгі жаста сыртқы жағынан белгілі бір дәрежеде көрінетін жағдаяттық ыңғайсыздықты білдіреді. Эмоционалды сәтсіздік ересектер мен балалар арасындағы жатсынуды дамытуға ықпал етеді.

    Психологияда «жұқтыру» деген ұғым бар, яғни эмоционалды күйдің бір адамнан екінші адамға еріксіз берілуі.

    Ересек адамның эмоционалды және жеке сипаттамалары балаға қалай әсер ететінін қарастырып көрейік:

  1. Егер ересек адам аффективті тұрақсыздықты көрсетсе: ашуланшақтық, импульсивтілік, төзбеушілік, эмоционалды қозғыштық.

Онда бала: бұл мысалмен жанжал шығару, айқайлау, ашуланшақтық, төзбеушілік танытуды «жұқтырылуы» мүмкін, тежегіштік, үрей, ересектермен қарым-қатынастан қорқу, қызығушылықтың азаюы көрініс табады, сондай-ақ өзімен өзі болу, тұйықтық, тұтығу, тартылу, қорқыныштың пайда болуы мүмкін.

  1. Егер ересек адам авторитаризмді көрсетсе: икемсіздік, дөрекілік, басымшылдық, менмендік, басқа біреудің пікірін қабылдамау, «құрғақтық» немесе оң эмоционалды ынталандырудың болмауы.

    Онда бала: ол қорыққандықтан белгілі бір ересек адамға мойынсұнуы, ал басқа ортада деструктивті мінез-құлық көрестуі мүмкін, өзін тыйым салынған әрекеттерден шектеуге қиналады,  сонымен қатар өз іс-әрекеттеріне сыншыл емес, ол жалғандық, қорқақтық, қатыгездік көрсетеді; — депрессия, жасық мінезділік, еріксіздік, мазасыздық, тұйықтық, коммуникативті байланыс орнатуда қиналу, өзін-өзі бағалаудың төмендігі көрініс табады, сенімді қарым-қатынас жоқ.

  1. Егер ересек адам жоғары бірбеткейлік көрсетсе: шамадан тыс талапшыл, көптеген ережелер, нұсқаулар, ескертулер, сөгістер ұсынады, тәрбиелеу процесін парасаттандыруға тым үйір және баламен қарым-қатынаста формалды.

— Онда бала: қарым-қатынаста, сезім мен эмоцияны білдіруде қиындық көреді; қоршаған әлемге жағымсыз қарым-қатынас, эмоционалды «құрғақтық» басым болады; өзін-өзі бағалауың бірегейсіздігі.

  1. Егер ересек адам сыйластық танытса: достық қарым-қатынасты сақтайды, бірақ беделді болып қалады, бастама мен тәуелсіздікті қолдайды, «баланың қасында» болады, баланың алаңдаушылығына эмоционалды түрде жауап береді және өзінікімен бөліседі, оптимизм, ақкөңілділік, тілектестік қарым-қатынастың үлгісін көрсетеді.

Онда бала: эмоциялық саулықпен «зарядталады»; қиындықтардан қорықпайды, оларды жеңуге тырысады, сенімділік пен табандылық танытады; оң коммуникативті өзара әрекеттесуді қалыптастырады, ымыраға келуге қабілетті;

    Ересектер үшін балаларға психикалық қолайсыздықты өз бетінше жеңуге үйрету өте маңызды, бұл көптеген қиындықтар мен даму мәселелерінен құтылуға көмектеседі.

    Баламен қарым-қатынаста ересек адам балаға әсер етудің эмоционалды формаларын өте мұқият таңдауға міндетті. Әсердің оң және теріс формалары өздігінен пайда болмауы керек (ересек адамның көңіл-күйіне байланысты), бірақ қарым-қатынас әдісіне айналуы керек, онда негізгі фон жағымды эмоциялар болып табылады, ал иеліктен шығару баланы елеулі теріс қылықтары үшін айыптау нысаны ретінде қолданылады.

    Осылайша, ересек адам балаға өзінің жеке басының, мінезінің, тәжірибесінің, денсаулығының және т.б. өзінше түсінуі арқылы әсер етеді.

    Әрине, балаға көмектесу үшін ересек адамның өзі эмоционалды сау болуы керек.

    Осылайша, эмоционалды күйзелістің алдын алу үшін ересектерге өзін-өзі реттеудің сындарлы дағдыларын игеру, эмоционалды стрессті жеңілдету және жағымсыз эмоцияларды білдіру қажет. Сонымен, эмоционалды жағдайды оңтайландыру әдістері: жаттығудың әртүрлі түрлері (немесе жалпы физикалық белсенділік), өзін-өзі уқалау, релаксация, тыныс алу жаттығулары, ойын арқылы эмоционалды алаңдаушылықты немесе өзін және ішкі әлемін көрсету (мысалы, сурет, қолөнер немесе сүйікті іс, мейлі ол тамақ дайындау, тоқу, тігу, дүкен аралау және т. б.) болуы мүмкін.

    


14 Янв 2020

Агрессивті бала

   Қатыгез, агрессивті, төбелесқор және сотқар бала – ата –ананың үлкен уайымы, балалар ұжымының қолайлы болуының қауіпі, алаң «қатері», дегенменде ол  бақытсыз жан, өйткені оны ешкім түсінбейді, аямайды және аяламайды.  Бала агрессивтілігі – ішкі эмоционалдық жайсыздық белгісі, жағымсыз уайым кешені, психологиялық қорғаныстың барабар емес түрлерінің бірі. Перейти к полной статье…


14 Ноя 2019

Психолог в детском саду и его функции. Консультация психолога детского сада

Для чего нужен психолог в детском саду?

Каковы требования к нему, и какие функции он имеет право выполнять?

Эти вопросы задают себе многие родители.

Маленький человечек попадает в непривычную, странную и новую для него обстановку детского сада. Вокруг много детишек и взрослых, следует подчиняться распорядку, самостоятельно кушать и играть с другими детками, учиться общаться со сверстниками и взаимодействовать со взрослыми. Помочь ребенку адаптироваться и проследить за его состоянием должен педагог-психолог в детском саду. Для многих малышей такое учреждение – первый серьезный стресс. Чтобы избежать неприятных последствий, не стоит оставлять кажущиеся на первый взгляд проблемы маленьких воспитанников без внимания.

Перейти к полной статье…


7 Ноя 2019

Баланың балабақшаға бейімделуі кезеңіндегі ата – аналарға ұсынылған психологиялық кеңес

Баланы балабақшаға беру немесе бермеу жағдайы жанұяның барлық мүшелерінің эмоциялық күйіне, жанұяның маңызды мәселелеріне байланысты. Қазіргі уақытта көпшілік ата-ананы “Бала үшін балабақша қажет пе?” – деген сұрақ толғандырады. «Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленген бала мектепке тез бейімделеді, әлеуметтік қатынасқа жақсы түседі, құрдастарымен қарым-қатынаста тәжірибе жинақтайды» – деген түсінік қалыптасқан.

Перейти к полной статье…


22 Окт 2019

Лекторий для родителей на тему «Поведение ребенка дома и в детском саду – есть ли разница?»

Даже подготовив ребенка психологически к детскому саду, не каждый малыш будет себя комфортно чувствовать в учреждении, и в частности, в своей группе. И тому всегда есть причины. В данной лекции мы разберем причины проявления особенностей поведения дошкольников и какие пути решения существующих проблем можно использовать.

Перейти к полной статье…


4 Окт 2019

Страничка психолога «Как помочь ребенку адаптироваться к детскому саду»

Вопросы адаптации ребенка к детскому саду поднимаются и решаются уже не один десяток лет. Но актуальность их не ослабевает. Это связано со многими аспектами нашей жизни: изменился детский сад, меняются дети и их родители. Проблемы адаптации к детскому саду вращаются вокруг ребенка. Именно на него устремлены обеспокоенность родителей и профессиональный взгляд педагогов.

Перейти к полной статье…