Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.

Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады.

Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін балалардың бойларына дарыту арқылы шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында балабақшада көктем және жаңару мейрамын «Армысың, әз Наурыз!» байқауы ретінде атап өтті. Байқау аясында топтарды мерекеге сай безендіріп, ұлттық киім мен ұлттық тағам презентациясын, ұлттық салт-дәстүр қойылымын ұсынды. Балалар ән салды, би биледі, ұлттық ойындар ойнады. Байқау балаларды, балабақша қызметкерлерін және ата-аналарды біріктірді.