Ата-аналарға кеңес

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.

Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану баланың шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Заманауи технологиялық ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым — қатынас жасай алады және ойын кезінде шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп ойналған кезде ғана нәтижелі болады. Оқыта−үйрету ойындары: дидактикалық, ситуациялық, сайыстық, қимылды, ырғақты−музыкалық және көркемдік және т. с. с көптеген түрлері бар.
Тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы. Бұл тілді үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы. Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда. Алайда, мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру қажет.

Ағылшын тілін оқытуды мектепке дейінгі мекемелерден басқа, отбасы ортасында да жүзеге асыруға болады. Бұл үшін педагогикалық білімнің болуы міндетті емес, жай ғана үй жағдайында балалармен дидактикалық ойындарды ұйымдастырып     өткізу ғана  жеткілікті.
Мектепке дейінгі балалалық шақ – ертегі, қызықты ойындар, әңгімелер мен өлеңдер әлемі. Бұл жаста балалардың балабақшадан мектепке ауысу үрдісі жүреді, жетекші әрекет түрінің өзгеруі, яғни ойын әрекетінің оқу әрекетіне ауысуы болады. Бірақ баланы ойын әрекетінен айырудың қажеті жоқ.
Оқытудың ойын әдісі өте пайдалы болып келеді, өйткені балаларды ой еңбегіне бірте-бірте үйренуге мүмкіндік береді. Ойын әдісінің кеңінен қолданылуы ойынның бала қуанышының көзі ретінде ғана айқындалмайды, сонымен қатар ол оқыту міндеттерін шешудің ең негізгі жолы болып табылады.
Ойындарды мектепке дейінгі балаларының оқу-іс-әрекеттеріде белгілі бір жүйемен пайдалану қажет. Ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелерін бар. Ойындардың жіктемесін оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ойын сипатына, дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға, ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне     сәйкес         жасалады.

Ағылшын тілін ерте оқыту бүкіл әлемдік көп деңгейлі тілде және мәдениетке деген  қызығушылықты туғызу үшін тамаша мүмкіндіктер жасайды, коммуникативтік тіл елекшілігін дамытуға ықпал етеді, баланың ойлауына , танымына және есте сақтауына жайлы әсерін тигізеді. Бірақ мектеп жасына дейінгі балаларға тән шыдамсыздық, назар аударудағы тұрақсыздық тез қажу, шаршағыштық сияқты кейбір теріс қылықтарын ескере отырып, ағылшын тілін ойын түрде өткізу керек. Сондықтан, сабақ арасында ойын элементтерін қолдану сабаққа қызығуын, белсенділігін, ойлау қабілетін дамытуға, жаңа сабақты пысықтау кезеңін сапалы өткізуге материалды толық меңгеруге көмектеседі. Осы орайда жалпы баланың қызығушылық деңгейін арттыруға болатын бірнеше ойын түрлеріне тоқталмақпын.

Мысалы:

 

  1. “What’s in my hand?” ойыны
    Мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші, оң-сол жайлы білімдерін бекіту. Түйсіну сезімдерін дамыту.
    Қажетті құралдар: ұсақ тастар, жаңғақтар, доптар.
    Ойын барысы: Баланың қолына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату. Мысалы, үлкен және кіші тастар. Бала қолына қарамастан, сипап-сезу арқылы үлкен-кіші заттың оң және сол қолында екенін анықтайды. Қалған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке, ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі. Мысалы: What is it?, It is a ball, nuts, stones. Left hand or right hand.
  2. I can’t see» ойыны
    Мақсаты: Зейінді дамыту.
    Ойынның барысы: Үстел үстіне бірнеше ойыншық аңдар қойылады. Балалар көздерін жұмады, ал бір аң «жүгіріп қашады». Қатысушылар ойыншықтың қайсысы жетіспейтінін және қайсысы қалғанын айтып жауап беруі керек.
    I can see…
    I can’t see…3. “At the Zoo” ойыны
    Мақсаты: can модальді етістігінің қолданылуын үйрету.
    Ойын барысы: балалардың біреуі – экскурсовод, қалғандары жануарлар саябағына келушілер. Мысалы, балалар аюдың қасына барады.
    This is a bear. It can run and jump. It can swim and climb trees but it can’t fly. Can it hop?
    No, it can’t.
    Cосын басқа оқушы экскурсовод болады да, ойын ары қарай жалғасады.

    4. “What number is it?” ойыны
    Мақсаты: “Бұл қандай сан?” ұғымын қалыптастыру.
    Қажетті құралдар: Топтағы 10 түрлі ойыншықтар.
    Ойын барысы: Тақтаға 10 түрлі ойыншықтар суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып, қатардан бір ойыншықты алады. Балалар қатардан қандай заттың және қай санның алғандығын алақандарын шапалақтау арқылы көрсетеді. Ойыншықтың атын атау керек. Ойын барысында “What number is it?” деген ұғымды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын дамыту, қызығушылығын арттыру.

    5. “Clap you hands” ойыны
    Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру.
    Қажетті құралдар: Педагогтың және әрбір баланың алдына тілі бар дөңгелек.
    Ойын барысы:1-нұсқа: Педагог қол соғады. Балалар санайды. Ортаға шақырылған бала педагогтың неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін саны сонша қара дөңгелекшелер тұрған бөлікке қаратып қоюы тиіс.2-нұсқа: Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол сосу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Педагог қатарларды аралап, ойын ережесінің дұрыс орындалуын тексереді.Ойын екі-үш рет қайталанған соң, қорытындысы шығарылады. Ойыншылары қателеспеген қатар ұтып шығады.

    6. “Apples” ойыны
    Мақсаты: балаларды санай білуге үйрету, сөздік қорын дамыту.
    Ойын барысы: Педагог «Apples» санамағын балаларға оқып бірнеше рет қайталап айтқызады. Балалар сол санамаққа сәйкес алмаларды себетке салады:
    One little, two little, three little apples,
    Four little, five little, six little apples,
    Seven little, eight little, nine little appels,
    All fell to the ground.


    Number : (
    саусақтармен ойын)
    One, one, one, little dog runs
    Two, two, two, cat see you.
    Three, three, three, birds in the tree.
    Four, four, four, rats on the floor.

    7. “ My family ” ойыны
    Мақсаты: Отбасы жайлы білімдерін тиянақтау. Ағылшын тілінде отбасы мүшелері туралы сөздерді есте сақтауға үйрету.
    Ойын мақсаты балалар саусақтарына қуыршақтарды киіп (саусақ театрын пайдаланып) отбасы мүшелерін атайды: This is my mother. This is my father. This is my grandmother. This is my grandfather. This is my brother. How I love them all.

    The Family (саусақтармен ойын)
    This is our mother,
    This is our feather,
    This is our brother tall,
    This is our sister,
    This is our body,
    Oh, how we love then all!

 

  1. “What’s in my hand?” ойыны
    Мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші, оң-сол жайлы білімдерін бекіту. Түйсіну сезімдерін дамыту.
    Қажетті құралдар: ұсақ тастар, жаңғақтар, доптар.
    Ойын барысы: Баланың қолына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату. Мысалы, үлкен және кіші тастар. Бала қолына қарамастан, сипап-сезу арқылы үлкен-кіші заттың оң және сол қолында екенін анықтайды. Қалған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке, ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі. Мысалы: What is it?, It is a ball, nuts, stones. Left hand or right hand.

Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез — келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл — күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана педагогтың тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді.Ал, дұрыс таңдау үшін балалардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек. Тек қана осы жағдайда ғана, біз күткен нәтижелерімізге қол жеткізе аламыз.

 

Ағылшын тілі пән оқытушысы: Сереқанқызы Н.