Агрессивті бала

   Қатыгез, агрессивті, төбелесқор және сотқар бала – ата –ананың үлкен уайымы, балалар ұжымының қолайлы болуының қауіпі, алаң «қатері», дегенменде ол  бақытсыз жан, өйткені оны ешкім түсінбейді, аямайды және аяламайды.  Бала агрессивтілігі – ішкі эмоционалдық жайсыздық белгісі, жағымсыз уайым кешені, психологиялық қорғаныстың барабар емес түрлерінің бірі.

   Ондай балалар  итеру, ұру, сындыру, шымшудың кез – келген мүмкіндігін пайдаланады. Олардың тәртібі арандатқыштық сипатта болады.  Өздеріне агрессивті қатынасты тудыру үшін, олар аналарын, тәрбиешілерді, қатарластарын ашуландыруға тырысады. Үлкендер ашуланғанша, ал қатарластары төбелеске ұмтылмайынша тоқтамайды.  Мысалға, ондай қылықты бала, анасын салмақты қалыптан шығарып, шапалақ жемейінше, қасақана асықпай киінеді, қол жуудан бас тартады, ойыншықтарын жинамайды. Сонан соң ол жылайды, бірақ анасынын аялауынан кейін салмақтылық танытады.  Өзіне назар аудартудың қызық амалы емес пе? Алайда бұл баланың іште жиналған   психоэмоционалдық шиеленісті шығарудың жалғыз тетігі болып табылады.

   Біздің қазіргі өмірімізде өкінішке қарай қатігездікті, шарасыздықты, қолайсыз уайымдарды болдыратын жағдайлар көп болып отыр. Балалар өз айналасындағы адамдардың көңіл – күйін  айқын танып біледі. Сондықтан да ата – аналар  баланың көзінше келеңсіз жағдайларды талқылау, апат және кісі өлімі жөнінде фильм көріп, басқалардың іс – әрекетіне өшпенділік таныту қажет емес. Жоғарыда айтылған көңіл толмау, наразылық балаға көрсететін жақсы үлгі емес және өскенде бумеранг болып балаңыздың орындауында болып қалуы ықтимал екенін ұмытпайық.  Үлкендер балаларының өз әрекеттерін қайталауына, қарсылық көрсету позициясында және өзін қоршаған адамдар мен жағдайларды қабылдамайтынына таң қалмау керек.  Егердесіздің балаңыз қатігездікке бейім, мазақтағыш, төбелесқор және жануарларға аяушылықпен қарамаса, сіз өзіңізге төмендегідей сауалдар қойыңыз:

—         Бұл қай кезде басталды?

—         Агрессивтікті қалай танытады?

—         Қандай жағдайларда агрессивті болады?

—         Агрессивтіктің себебі не?

—         Бала тәртібінде не өзгерді?

—         Балаға не қажет?

—         Сіз оған қалай көмектесе аласыз?

Агрессивтіктің себебі үнемі сыртқы болып келеді:

  • Отбасылық қолайсыздық,
  • Баланың қалағаны болмау,
  • Қалау мен мүмкіншілік арасындағы айырмашылық.

Сондықтан да бала агрессиясының себебін білу үшін, ішкі отбасы жағдайына сараптама жасаудан бастау керек.  Бұл мәселені шешудің бастапқы қадамы болып табылады.

 

БАЛА АГРЕССИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ

  1. Отбасында ашық жəне сенімділік ахуалын сақтауға тырысыңыз.
  2. Баланы үміттендіріп, орындалмайтын уəдені бермеңіз.
  3. Балаңызға шарт қоймаңыз.
  4. Балаға əсер етуде ұқыпты болыңыз.
  5. Өзіңізге рұқсат ететін нəрселерді бала жасаса, оны жазаламаңыз.
  6. Баламен қарым-қатынас барысында өз пайдаңыз үшін талаптарыңызды өзгерте бермеңіз
  7. Əрекетіңізбен балаңызды бопсаламаңыз.
  8. Əлсіздігіңіз бен сезіміңізді балаңызбен бөлісуге қорықпаңыз.
  9. Қарым-қатынасыңызды оқу үлгерімінің жетістіктеріне қарай орнатпаңыз.
  10. Баларыңызды шарт қоймай жақсы көріңіз.
  11. Баламен қарым-қатынаста «Мен – өкіл» ретінде қолданыңыз.

 

ЖАНЖАЛ ЖАҒДАЙЫН ШЕШУ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ

  1. Болмашы агрессия барысында өзіңізді бір қалыпты

ұстаңыз

  • Балаңыздың еркелігіне көңіл аудармаңыз;
  • Балаңыздың сезімін түсінуге тырысыңыз;
  • Көңілін басқаға аударыңыз, қандай да бір тапсырма ұсыныңыз.
  1. Тұлғаның өзіне емес, мінез-құлқына назар аударыңыз

Бала тынышталғаннан кейін, агрессия кезінде өзін қалай ұстағанын, не сөйлегенін, осы себептен өзара оның мінез-құлқын талқылаңыз.

  1. Сынамаңыз жəне кеңес бермеңіз

Ешқандай сыни көзқарастар болмауы керек. Оларға мінез-құлқының жағымсыз салдарын көрсету қажет. Жасөспірімге агрессияның бəрінен де бұрын өзіне зиян келтіретіндігін сендіру керек.

  1. Өзіңіздің эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз

Агрессивті балалармен қарым-қатынас жағдайында өзіңіздің жағымсыз эмоцияларыңызды бақылауды үйреніңіз. Бала немесе жасөспірім өзінің агрессивті мінез-құлқын көрсеткенде, ол жағымсыз эмоцияны – ашулануды, ызалануды, қорқуды немесе дəрменсіздікті тудырады. Үлкендер бұл ағымсыз мазасызданулардың орынды екенін, балаларда осы сəтте сезімдердің басым болып тұрғанын сезінуі қажет.

  1. Жағдайдың шиеленісуін төмендетіңіз

Сіздің негізгі мақсатыңыз – жағдайдың шиеленісуін төмендету.

  1. Оның агрессивті мінез-құлқын бірігіп талдаңыз

Жағдай шешіліп, барлығы сабасына түскеннен кейін, агрессивті мінез-құлықты талдауға өтіңіз. Əңгімелесу барысында байсалдылықты жəне объективтілікті сақтау өте маңызды. Агрессивті мінез-құлықтың жағымсыз салдарын жəне деструктивтілігін мұқият түсіндіру керек.

  1. Агрессивті емес мінез-құлықтың үлгісін көрсетіңіз

Балалар кішкентай кезінде олардың агрессивті реакциясына ата-аналардың мінез-құлқы агрессивті емес жайдарлы болуы қажет. Агрессивті емес мінез-құлықтың үлгісін балалар жылдам қабылдайды. Басты шарт – бұл ата-аналардың шынайылығы.

МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУГЕ ҰСЫНЫСТАР

  1. Балалардағы агрессивті жүріс-тұрысты түзетуді ең алдымен ата-ана, Сізден бастау керек. Есіңізде болсын, отбасында қажетті өзгеріс болмай, балаңыздың бойындағы агрессияны түзету мүмкін емес.
  2. Бала əрбір сəтте өзін ата-анасының сүйетінін, бағалайтынын, қажет екендігін, қабылдайтынын сезінуі қажет. Оны сүюден жəне аяудан ұялмаңыз.
  3. Басқа адамдар туралы жаман сөздер айтпаңыз, ашуға бой алдырмаңыз, тиімді мінез-құлық ерекшелігін көрсетіңіз.
  4. Дауыс көтеру жəне тыйым салу агрессивтілікті жеңуде тиімді нəтиже бермейді. Осындай мінез-құлықтың себебін түсінгеннен кейін ғана, жақсы нəтижеге қол жеткіземіз.
  5. Эмпатияны дағды ретінде қалыптастырыңыз.
  6. Балаңызға өз агрессиясын шығаруға мүмкіндік беріп,

басқа нəрсеге көңіл аудартыңыз (мысалы, жастықты ұру).

  1. Баланың өзін-өзі көрсетуге ұмтылуын басуға тырыспаңыз, түсінушілікпен қарап, ортақ бір шешімге келіңіз.

Сәттілік тілеймін! Педагог – психолог: Сеилханова Н.М.