Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№3 «Балбөбек» балабақша-бөбекжайы» КМҚК жайлы ақпараттық анықтама
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 3 «Балбөбек» балабақша-бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Өтепов көшесі, 22/2 ғимаратында орналасқан.
Балабақша 2009 жылғы 30 қазандағы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен «Казатомпром» Ұлттық атомдық компаниясы» АҚ арасындағы балалар бақшасының құрылысын салу жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында салынды, 2011 жылы эксплуатацияға берілді. Балаларды балабақшаға қабылдау 2011 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жүзеге асырылды.
Ғимараттың жалпы ауданы: 4260,7 м2
Ғимараттың жұмыс ауданы: 2000,4 м2
Ғимараттың көлемі: 16913 м3
Жобалық қуаттылығы: 300 орын
Қызмет түрі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Топ саны: 12 топ
Оқыту тілі: аралас (қазақ және орыс тілдерінде)
Балабақша қызметінің негізгі мақсаты балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы принциптерін ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету, әр баланың талабын, бейімділігін, қабілеттілігін, дарындылығын іске асыруға және оның даму ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, дара әдіс негізінде оны бастауыш білім берудің білім беру бағдарламасын меңгеруге даярлауға бағдарлану болып табылады.
Міндеттері:
— мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау;
— тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;
— сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;
— тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен тығыз ынтымақтастықта болу;
— ата-аналарға тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын сақтау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету;
— баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған өзгеретін ойын және тақырыптық зоналарды (аймақтарды), инклюзивті дамыту ортасын құру;
Балабақшаның материалдық-техникалық базасы педагогикалық талаптарға, заманауи білім беру деңгейі мен санитарлық нормаларға сай. Балабақша-бөбекжайда балалардың толыққанды психофизикалық, эстетикалық, танымдық және әлеуметтік дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Мектепке дейінгі ұйымда бассейн, спорт және музыка залдары, логопед пен педагог-психолог, робототехника кабинеттері, спорт алаңы, ойын алаңдары бар.
Медициналық блокқа медбике кабинеті, емшара бөлмесі, изолятор кіреді. Медициналық блоктың негізгі міндеті – балабақша тәрбиеленушілеріне жедел медициналық көмек көрсету, аурушаңдықты азайту бойынша іс-шаралар өткізу, сауықтыру шараларымен ұйымдастыру.
Балабақшадағы әдістемелік жұмыстың орталығы әдістемелік кабинет болып табылады. Оның басты рөлі педагогтерге білім беру процесін ұйымдастыруда көмек көрсету, олардың үзіксіз өзін-өзі дамытударын қамтамасыз ету, озық педагогикалық тәжірибені жалпылау, балаларды дамыту мен оқыту сұрақтары бойынша ата-аналардың құзіреттілігін арттыру болып табылады.
Жас ерекшелік топтарында ұйымдастырылған іс-әрекеттері, ойын және балалардың өзіндік әрекеттері үшін жағдайлар қарастырылған. Топ бөлмелері балалардың түрлі әрекеттерін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жас ерекшеліктері мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай ойыншықтармен, ойындармен, ыңғайлы жиһаздармен, интерактивті тақталармен, теледидарлармен заманауи жабдықталған.
Балабақша-бөбекжай өз қызметін келесі кезеңдер бойынша ұйымдастырады:
1) 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығында – оқу жылы («Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген бағдарламаның мазмұнын меңгеру кезеңі);
2) 1 маусым мен 31 тамыз аралығында – жазғы сауықтыру кезеңі;
Балабақшада балалардың болу ұзақтығы сағат 7.00-ден 19.00-ге дейін 12 (он екі) сағаттық уақытпен белгіленген. Сенбі және жексенбі – демалыс күндері.
Мектепке дейінгі мекеме топтарын жасақтау ата-аналар кезегі бойынша Balabaqsha SmartNation — мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді алуға арналған бірыңғай порталы арқылы берілген жолдама негізінде жүзеге асырылады.